#ҚОҒАМ

Қазақстан президенті атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өткізуді ұсынды

Жалпыұлттық референдумды өткізудің «нақты мерзімін кейін анықтаймыз» дейді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті жұма күні елде атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты референдум өткізуді ұсынды.

«2019 жылы … мен ең маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдаймыз деп уәде берген едім. Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз» «, — деді президент Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Қазақстан халқына Жолдауында.

Президент атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналғанын, Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты түрлі пікір бар екенін атап өтті.

Өз сөзінде президент кей сарапшы Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет ретінде өз атом энергиясын өндіруі керек екенін айтса,  кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір ұстанатынын айтты.

«Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды. Семей полигоны халқымызға қаншама қасірет әкелгенін ескерсек, олардың күдігін түсінуге болады», — деді Тоқаев. Сонымен қатар ол бұл мәселе бойынша талқылауларды жалғастыру керек екенін атады.

Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан Семей ядролық полигонында кеңестік үкімет заманында 450-астам ядролық сынақ өткізілген. Полигон 1991 жылы жабылды.

Түпнұсқа
Anadolu Ajans
Back to top button