#ЭКОНОМИКА
Тренд

XINHUA: Қытай-Қазақстан логистикалық базасында тасымал көлемі 500 000 TEU-дан асты

НАНКИН /Синьхуа/ — Нанкин кедені келтірген мәліметке сәйкес соңғы 10 жыл ішінде Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасында (Ляньюньган) Қытай-Еуропа бағытындағы жүк пойыздары арқылы тасымал көлемі 500 000 TEU-дан (жиырма футтық эквивалент) асып жығылды.

Биыл «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында алғашқы нысан – Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясындағы Ляньюньган қасласында бой көтерген Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасының іске қосылуына 10 жыл толады.

Ляньюньганнан жүретін жүк пойыздары Орта Азиядағы негізгі аймақтарды бетке алып, тұрмыстық техника, дәрі-дәрмек және құрылыс материалдары сияқты 400-ден астам тауар түрін тасымалдайды.

2023 жылы логистикалық база арқылы Қытай-Еуропа бағытындағы жүк пойыздарының транзиттік қуаты алдынғы жылмен салыстырғанда 10,7%-ға өсіп, 66 100 TEU құрады. Бұл база Азия мен Еуропаны байланыстырып отырған маңызды трансшекаралық хабқа айналды.

Түпнұсқа
XINHUA

Басқа материалдар

Back to top button