#ЭКОНОМИКА

ArcelorMittal Қазақстандағы активтерін  286 млн долларға сатуда

ArcelorMittal (MT.LU) құрыш құятын компаниясы Қазақстандағы активтері – Теміртау металлургия комбинаты мен Ақтаудағы құбыр зауытын Қазақстанның мемлекеттік қорына 286 миллион долларға сатты, делінген Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарламасында.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтің айтуынша, Қазақстан үкіметі жергілікті көлік магнаты Андрей Лаврентьевпен келісім жасасып, ол зауытты басқаруды өзіне алады.

Министр Шарлапаев үкіметтің келіссөзге қатысуы активтің бағасын айтарлықтай арзандатуға көмегін тигізген. Алайда Теміртаудағы зауыттың жаңа иесі келесі төрт жыл ішінде ArcelorMittal-ға тиесілі 700 миллион доллар қарызды өтеуі керек болады.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорында адам өмірін жалмаған бірқатар апаттан соң үкіметке ArcelorMittal-мен қарым-қатынасты үзуге тапсырма берген. Қазан айында шахтада шыққан өрт салдарынан 46 адам мерт болды.

 

Түпнұсқа
Reuters

Басқа материалдар

Back to top button