#САЯСАТ

Қытай басшысы Си Қазақстан президентімен кездесіп, ынтымақтастықты әрмен қарай нығайта түсуге үндеді

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, «тұрақты да қуатты» қарым-қатынастар қос елдің де дамуына серпін беретінін атап өтті.

Президент Тоқаев Бейжіңге ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің ғаламдық инфрақұрылым бастамасы «Бір белдеу, бір жол» форумына қатысу үшін келді. Бұған дейін қос басшы Қытай Орталық Азия мемлекеттері басшыларымен алғашқы саммитін қабылдаған кезде, мамыр айында бас қосып еді.

Тоқаевты «бұрыннан бергі досым» деп атаған Си қос ел «Бір белдеу, бір жол» аясында ынтымақтастығын қуаттауы керек екенін айта келе, инвестиция мен сауда-саттықта да қарым-қатынас үдеуі керек екенін айтты, делінген ҚХР сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

ҚХР төрағасы Си сонымен бірге Қытай Қазақстаннан ауылшаруашылық өнімдерін импорттауды арттыруға, теміржол арқылы жүк тасымалының ауқымын кеңейтуге, Каспий теңізі арқылы халықаралық көлік дәліздерін пайдалунға дайын екенін атап өтті.

«Әлемдегі қал-ахуал қаншалықты құбылса да, Қытай мен Қазақстан бастапқы ниетінен тайқымай, бір-біріне қарайласып, екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті өркендетуге тұрақты демеп отыруы керек», — деп атап өтті ҚХР төрағасы Си Цзиньпин.

Кездесу барысында президент Тоқаев Қытаймен қарым-қатынасты нығайтуға дайын екенін мәлімдеді, делінген хабарламада.

Бұған дейін Қытайдың China National Offshore Oil Corporation мұнай компаниясы Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясымен өзара түсіністік меморандумына қол қойған болатын. Меморандум бірлескен геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуді, қолданыстағы кен орындарында әріптестікті кеңейтуді көздейді, делінген Қытайдың мемлекеттік басылымдарында.

 

Түпнұсқа
Reuters

Басқа материалдар

Back to top button