#САЯСАТ
Тренд

Agenzia Nova: Италия президенті Маттарелла Қазақстан Республикасының президентін қабылдады

«Сізді және өзіңіз бастаған Қазақстан делегациясын қарсы алу мен үшін зор мәртебе. Сіздерді «Квиринале» сарайында басқосуымыз бен келіссөздерімізді жүргізу үшін көруге аса қуаныштымын. Италияға бірінші ресми сапарыңыз бұған дейінгі жоғары дәрежелі бірқатар басқосуды түйіндеп отыр, бұл Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін айғақтайды», — деп мәлімдеді бүгін таңертең Қазақстан Республикасының президентін Квириналеде қабылдаған Италия Республикасының президенті Серджо Маттарелла.

Ол сонымен қатар «Бұл ынтымақтастық жан-жақты, соның ішінде саяси, экономикалық және мәдени салаларда өрістеп келеді. Біз бұл қарым-қатынастардың қарқынын мейлінше үдете түскіміз келеді» деп атап өтті. Мемлекет басшысы екі елді «стратегиялық маңызға ие серіктестік, халықаралық қатынастардағы үйлесімділік пен бірізділік байланыстырып отырғанын» айта келе, «Қазақстан мен Италия БҰҰ қағидаттарына, жан-жақты әріптестік ұстанымына берік. Бұл, түптеп келгенде, біздің қарым-қатынастарымыздың оңай орнығуына сеп. Экономикалық тұрғыда да етене араласып келеміз» деп сөзін түйіндеді.

Түпнұсқа
Agenzia Nova

Басқа материалдар

Back to top button